Тараптар медиация тәртібінде келісімге қол жеткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер  Е.М.-тың жауапкер  О.Ж.-қа берген материалдық шығынды өтеу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі  қаралды.

Азаматтық істі дайындау барысында  тараптар арасында келісілген   дауды медиатитік жолмен шешу туралы келісімді сотқа ұсынды.

Келісім бойынша талапкер жауапкерге берген талап арызынан толығымен бас тартады. Жауапкер 2017 жылдың мамыр айына дейін талапкерге  575 000  теңге соманы төлеуге міндеттеледі.

Сот ұйғарымымен тараптар арасында дауды медиативтік жолмен шешу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының баспасөз қызметі