Тараптар дауды бітімгершілікпен шешуді таңдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  талапкер  «МЗ» ЖШС-нің  жауапкер   «ИВТ»   ЖШС –нен  қарыз  сомасын   және  өсімпұлды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

«МЗ» ЖШС-і    «ИВТ»  ЖШС –нен  24 999  999  теңге қарыз сомасын, 2 499 999,9 теңге өсімпұл, сонымен  қатар  мемлекеттік баж  бойынша  шығындарын  өндіру  туралы  талап  арызбен сотқа  жүгінді.

Тараптар  сот  отырысына  дайындық  барысында істі бітімгершілік  шартпен  шешуді  дұрыс  деп  санады.

Бітімгершілік  шарт  бойынша,    жауапкер  талапкерге  негізгі  қарыз  сомасын  төлеуге міндеттеді, ал  талапкер  өсімпұлды  өндіруден  бас  тартты.  Тараптар  бітімгершілік  келісімнің  шарттарын  қабылдай  отырып,  істі  тоқтату  туралы  өздерінің келісімдерін берді.

Сот  ұйғарымымен  тараптар арасында  бітімгершілік  шарт  бекітілді, азаматтық іс  жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым  заңды  күшіне  енді.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты