Талапкер жұмысқа қайта орналастырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында А.-ның «Алматы қаласы Алмалы аудандық әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану, жұмысқа қайта алу және амалсыз жұмысты босату уақыты үшін жалақыны өндіріп алу туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот талапкер А.-ның аталған мемлекеттік мекемесінде бөлім бастығы қызметінде жұмыс атқарғанын анықтады. 2017 жылғы 25 мамырдағы бұйрыққа сәйкес, лауазымдық қызметтерін дұрыс орындамағаны үшін қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

2017 жылғы 31 шілдеде лауазымдық қызметтерін дұрыс орындамағаны үшін А.-мен еңбек шартыбұзылған.

Жағдайдың мән-жайын анықтау барысында, сот жұмыс беруші тарапынан бұзушылықтарды орын алғанын, жауапкердің жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жаза шарасын қолдана отырып, тиісті түрде қызметтік тексеріс жүргізбегенін анықтаған.

Сонымен қатар, сот отырысында даулы бұйрығында көрсетілген бұзушылықтарға әкеліп соқтырған лауазымдық нұсқаулық бұзушылықтарды, талап қоюшының жұмыс міндеттерін дұрыс орындамауды растайтын дәлелдемелер көрсетілмеген.

Сот шешімімен талапкердің талаптары толық көлемде қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының Алмалы ауданының №2 соты