Талап арыз қараусыз қалдырылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында талапкер  К.-нің  жауапкер «С.И.» Сақтандыру компаниясы» АҚ-нан сақтандыру төлемін өндіру бойынша азаматтық ісі қаралды.

Талапкер К. өз кезегінде  «Мерседес Бенц» автокөлігінің меншік иесі болып табылады.

Іс құжаттарынан анықталғандай, К. 29.09.2016 жылғы жол-көлік оқиғасымен байланысты оның құқығы мен мүдделерін білдіру үшін сенім ауысу құқығымен Т. – ға  06.10.2016 жылғы сенімхатты берген.

Өз кезегінде Т. 10.05.2017 жылғы сенімхаты бойынша 29.09.2016 жылғы жол-көлік оқиғасымен байланысты К.-ның құқығы мен мүдделерін білдіру үшін Ж.-ға сенім ауысты.

Іс материалдарынан, 19.09.2016 жылғы Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысынан жол – көлік оқиғасының 2016 жылдың 29 шілдесінде болғанын көреміз.

Жоғарыда көрсетілген сенімхаттың негізінде талап арызға талапкер К. –ның өкілі Ж. арқылы қол қойылған, оған сай 29.09.2016 жылғы жол – көлік оқиғасының бойынша К –ның мүдделерін білдіруге сенім ауысқан.

Демек, Ж. – ның атына жазылған сенімхатта 29.07.2016 жылғы жол – көлік оқиғасына байланысты К. – ның атынан қол қою және талап қою арызын беру құқығы жоқ.

Мұндай мән-жайларда, К.-ның талап арызы қараусыз қалдыруға жатады, себебі АПК-ның 279 бабының 3 тармағында, талап қою арызына қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ тұлға қол қойса немесе оны берсе, сот арызды қараусыз қалдырады.

Соттың ұйғарымымен талап арыз қараусыз қалдырылған.

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Алматы қаласының Алмалы ауданының №2 соты