Студенттер мен мектеп оқушылары үшін семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында  Алматы қаласы Жетісу аудандық Прокуратурасымен бірге Алматы қаласындағы жоғарғы және орта-арнайы оқу орындарындағы студенттердін және мектеп оқушыларының қатысуымен Ашық есік күні өтті. 

Іс–шараның аясында студенттер және оқушылар үшін сот ғимаратында таныстыру экскурсиясы жүргізілді. Сонымен қатар, студенттер мен оқушылар сот процессіне қатысып, сотта іс жүргізу тәртібімен танысты.  

Соңында судья Н.Батырхан мен Алматы қаласы Жетісу аудандық прокурорының көмекшісі С.Қожабаев  студенттер мен оқушыларға өзін өзгелердің қылмыстық іс-әрекетінен қауіпсіздендіру, төтенше жағдайлар орын алған кезде өзін дұрыс ұстау және қажетті шаралар қабылдау туралы семинар өткізіп  студенттер мен оқушылардың өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап берді.

Іс-шараның аяқталу барысында судья Н.Батырхан мен Жетісу аудандық  прокурорының  көмекшісі С.Қожабаев студенттер мен оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты