Соттың шешімімен ҚХР-ның азаматы Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық сотымен талапкер Алматы қ. ІІД-нің Қытай Халық Республикасының И. есімді азаматын Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарып жіберу туралы талап арызы боынша азаматтық іс қаралды. 

Талапкер жоғарыда аталған талап арызымен сотқа жүгінді, өзінің талап арызын келесідей дәлелдемелерге жүгінетінін мәлімдеді. 2011 жылы шетел азаматы И. Қазақстан Республикасына заңсыз келген. Ол заңсыз Қазақстан Республикасына келе тұра, шет ел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу тәртібін бұзған, заңмен белгіленген уақытта Көш-Қон полициясына барып тіркелмеген, Алматы қаласында өзі жалға алған пәтерлерде заңсыз тұрған. Талапкер Қытай Халық Республикасының азаматын Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарып жіберуді сұрады.

Сот аталған азаматтық істі қарап талап қоюшының талаптарын қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі