Соттың шешімімен арызданушының шағымы жартылай қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында арызданушы Б.-ның жауапкер Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеметтік даму министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментіне, «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Алматы қаласы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаментіне берген Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеметтік даму министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен шығарылған Б.-ға зейнетақыны тағайындау туралы шешімін заңсыз деп тану және аталған шешімді жоюды міндеттеу туралы шағымы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сотпен анықталғаны, арызданушымен қажетті барлық құжаттар жинатылған, сонымен қатар 3 жылға еңбек ақы төлеу туралы екі анықтама болған, соның ішінде 6 250 000 теңге сомасында 25.02.2017 жылғы, 2008 жылдың наурыз айынан бастап 2010 жылдың қазан айына дейінгі аралықта; 1 800 000 теңге сомасында 25.02.2017 жылғы 2011 жылдың маусым айынан бастап 2013 жылдың қараша айына дейінгі аралықта; М. маманына берілген болатын. Б. зейнетақы төлеміне 6 250 000 теңге сомасындағы 2008 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі аралықтағы анықтаманы таңдады.  

Соттың шешімімен арызданушының шағымы жартылай қанағаттандырылды.

Қаулы етті, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеметтік даму министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен шығарылған Б.-ға зейнетақыны тағайындау туралы шешімін заңсыз деп танылды.Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеметтік даму министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментін сот шешімін алған күннен бастап, келтірілген бұзушылықтарды толықтай қалпына келтіруге міндеттеу және бұл жайында сотқа бір айдың ішінде хабардар етуге.Шағымның басқа бөлігі қанағаттандырылусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының Алмалы ауданының №2 аудандық соты