Соттың шешімі тараптармен шағымдалмады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Алмалы ауданының  №2 аудандық сотымен талапкер Н. жауапкер «СК  «Цесна гарант» АҚ-на сақтандыру төлемін және моральдық өтемақы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер  Н. 539 517 тенге сомасын құрайтын сақтандыру төлемін өндіру және 1 000 000 теңге мөлшерінде моральдық өтемақы өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.  Талап арыз сипаттамасы  бойынша, тараптар  арасында 21 қантар 2014 жылы автокөлікті сақтандыру туралы ерікті келісім шарт жасасқан. Талапкер сақтандырылған тұлға болып саналады. Алматы қаласы Наурызбай ауданында 23.07.2015 жылы су тасқыны болып, талапкердің меншік иелігіндегі «Kia Rio» маркілі автокөлігіне мүліктік зиян келтірілген. Нәтижесінде, талапкер керекті құжаттарды тіркеп, жауапкер атына арыз жолдаған. Бірақ, жауапкер су тасқыны табиғи апатқа жатпайды деген негізбен сақтандыру төлемінен бас тартқан. Талапкердің арызы бойынша жауапкер міндетін орындау керек делінген.

Ерікті шарт талабы бойынша сақтандыру төлемін ең алдымен талап етуші «Цеснабанк» АҚ-ы болып саналады. Бірақ банк талапкерге ондай тапсырма бермегендігі құжат жүзінде дәлелденбейді. Сондықтан, азаматтық іс бойынша Н. тиісті емес талапкер болып саналады.

Сот шешімімен талап арыз толығымен қанағаттандырылусыз қалдырылды.

Сот шешіміне тараптардан  шағым түскен жоқ және сот шешімі  заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі