Сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында К.-ге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188 бабының  2 бөлігінің 3 тармағымен  айыпталған қылмыстық іс қаралды.

2017 жылғы 15 шәлде күні сағат 20.00 шамасында К. Алматы қаласы Оразова көшесі 346 уйдің жанына келіп, бөтеннің мүлкін  жасырын түрде жымқыруға деген қылмыстық ой туып, аталаған бөгде адамның үйіне заңсыз кіріп, ішіндеге ұялы телефон, «Ямаха» маркалы гитараны, музыкалы колонканы, ішінде ақшасы бар банкалық карточканы жасырын түрде  жымқырып, қылмыс орнынан бой тасалап, жәбірленуші М-ге сомасы 166 000 теңге материалдық шығын келтірген.

Сот қаулысымен К. Қазақстан Республикасы  ҚК-нің  188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағында көрсетілген қылмысты жасауда айыптау туралы қылмыстық іс   медиация тәртібінде  жәбірленушімен татуласуына байланысты, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатумен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлімінің негізінде   қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты