Сотта «Жазасын өтеген тұлғаларды оңалту» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «жазасын өтеген адамдарды оңалту» тақырыбында «Адам құқықтарының мониторингі қоғамдастықтың» директоры А.С.Жанабиловамен дөңгелек үстел өткізілді.

Мереке шеңберінде А.С.Жанабилова қоғамның сотталып шыққан адамдарға сенімсіздікпен қарайтындығын, оларға жұмыс берушілер жұмыспен және  бостандықта өмір сүруге жетерліктей жалақы беруге, тіпті туысқандарының өзі оларды қабылдауға дайын еместігін атап өтті. Сотталып шыққан адамдардың басым бөдігі қоғамнан оқшауланудың салдарынан ақырында қайта түрмеге түсетіндігін көрсетті. Осындай келенсіз жағдайлардың туындамауы үшін мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысы басталады. Бейәлеуметтік тұлғалармен жұмыс істеу қиын әрі улкен еңбек пен күш жұмсауды талап етеді Мониторингтің басты мақсаты - адам құқықтарының жағдайын жақсарту.

А.С.Жанабилова дөңгелек үстел аяғында жұмыс жоспарларымен бөлісіп, соттармен бірлесіп ауқымды дөңгелек үстел өткізуді ұсынды.

Источник: 
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты