Сотта семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында сот төрағасы Е.Е. Ділдабаевтің, судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен соттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша семинар сабағы өткізілді.

Іс-шара барысында кеңсе меңгерушісі Г.Е. Теберикова қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды атап өтті.

Сот төрағасы Е.Е.Ділдабаев: «Конституциялық құрылымға қауіп төндірудегі ерекше рөл сыбайлас жемқорлыққа тиесілі. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жайлы ақпараты бар адам мемлекеттік органдар басшылығын, не ұйым қызметкерлерін, не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органын хабардар етуі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі» - деп көрсетті.

Іс-шара соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәлімет беру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты