Сотта дау бітімгершілік шартпен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  талапкер  «А.S.K. Technik» «ЖШС»-і жауапкер   «К»  ЖШС –нен  қарыз  сомасы мен өсімпұлды   өндіру бойынша азаматтық іс қаралды.

«А.S.K. Technik» ЖШС-і жауапкер   «К»  ЖШС –нен  8 481 486 теңге қарыз сомасын, 3 033 468 теңге өсімпұл, сонымен  қатар  мемлекеттік баж  бойынша  шығындарын  өндіру  туралы  талап  арызбен сотқа  жүгінді.

Тараптар  сот  отырысына  дайындық  барысында істі бітімгершілік  шартпен  шешуді  дұрыс  деп  санады.

Бітімгершілік  шарт  бойынша,  талапкер  жауапкерге 2017 жылдың  10  қыркүйек  айына  дейін төлемді бөліп төлеуге міндеттеді, ал  жауапкер  талапкерге көрсетілген мерзім  бойынша  8 481  486  теңге  қарыз  сомасын және  3 033 468 теңге өсімпұл  төлеуге  міндеттеме алды.  Тараптар  бітімгершілік  келісімнің  шарттарын  қабылдай  отырып,  істі  тоқтату  туралы  өздерінің келісімдерін берді.

Сот  ұйғарымымен  тараптар арасында  бітімгершілік  шарт  бекітілді, азаматтық іс  жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарымы  заңды  күшіне  енген  жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты