Сотпен жеке табыс салығы бойынша қарызды өндіру туралы талап қою арызы қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Алатау аудандық сотында талап қоюшы Алматы қаласының Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жауапкер С-ға жеке табыс салығы мен айыппұлды өндіру туралы талап қою арызы және хабарламаны заңсыз деп тану туралы қарсы талап қою арызы бойынша азаматтық істі қаралды.

Азаматтық істің құжаттарына сәйкес, талап қоюшы сотқа жеке табыс салығы мен айыппұлды өндіру туралы талап қою арызымен жүгінген, арызда хабарламаға қарамастан салық төлеуші өзінің салық міндеттемесін уақтылы орындамағанын, хабарламаның заңдық күші барын көрсеткен, онымен  жауапкер келіспей, хабарламаны заңсыз деп тану туралы қарсы талап қою арызымен жүгінді.

Сот азаматтық істі қарап, талап қоюды қанағаттадырып, қарсы талап қою арызын қанағаттандырусыз қалдырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының баспасөз қызметі