Сотпен талап арызын қанағаттандыруда бас тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Алатау аудандық сотында талап қоюшы Қ-ның жауапкер Кассалық операция және құндылықтарды сақтау орталығы ҚР ҰБ-не жалақыға қосымша жәрдемақы төлеуді міндеттеу, жәрдемақы өндіру, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы өндіру және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы өз талабын Семей ядролық сынақ полигоны аймағында тұрып, ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар қатарына жататындығымен негіздеп, жұмыс берушінің жалақысына қосымша жәрдемақы төлеуден заңсыз бас тартып отырғанын айтып, міндеттеуді және осы қосымша жәрдемақыны өндіруді сұраған.

Сот азаматтық істі қарап, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңының 13 бабының 1,3 бөлімдеріне сәйкес, әлеуметтік қолдау шаралары, айлық есептік көрсеткіштің қысқа көлемінде қосымша еңбекақы алужәне жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын алу ядролық сынақ жүргізген кезде радиоактивті шөгінділердің әсеріне ұшырағанаумақта тұрып жатқан азаматтар құқылы, ал талап қоюшы бұл санаттағы азаматтар қатарына жатпайтындықтан, талап қою арызын қанағаттандырусыз қалдырды.

Шешім заңды күшіне енді. 

Источник: 
Алматы қаласының Алатау аудандық соты