Сотпен сыйға тарту шартты жарамсыз деп тану туралы талап арызы қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Алатау аудандық сотында талапкер Н. жауапкер А-ға сыйға тарту шарттың жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істің құжаттарына сәйкес, талапкер сотқа сыйға тарту шарттың жарамсыз деп тану туралы талап арызымен жүгінген, арызда жауапкер оның дәрменсiз халде және тәуелді жағдайда болғанын пайдаланып, оның мүлкін иеленгенін, өйткені ол өсиетке қол қойғаны туралы ойлап, сыйға тарту шартына қол қойған. Сыйға тарту шартына қол қойған кезде ол деңсаулығы жағдайына байланысты әрекеттерінің мәнімен салдарын білмеген.

Сот азаматтық істі қарап, сыйға тарту шарты бекітілген кезде талапкер психикасының бұзылуы жағдайында болғанын, не iстегенiн бiлмегенін, өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмағанын ескере отырып, талап қою арызын қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының Алатау аудандық соты