Сотпен салық бойынша қарыз сомасын өндіруге шешім шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық сотымен жауапкер Ю-нен талапкер К-ның пайдасына қарызды өндіру, пайда табудан айырылғандықты және тұрақсыздық төлемін өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында талапкер өз талап арызын қолдай отырып, келесідей мән жағдайға негіздейтінін айтып көрсетті. 2007 жылы талапкер Ю. мен Е. азаматымен 1988 жылғы ВМW 735 автокөлігін шын мәнінде сатып жіберген. Келісім шарт бойынша сатып алушы азамат Е. сатушы талапкер Ю-ға 3 500 АҚШ долларын төлеген. Ақша алған соң талапкер автокөліктің барлық құжаттарын Е. азаматқа берген. Содан соң талапкер Е. азаматына бас сенімхатын жазып берген. Аталған автокөлікті азамат Е. 2008 жылдың 9 маусымынна дейін қолданған. Содан соң аталған автокөлікті бас сенімхаттың қалған мерзіміне дейін жауапкер И.-ға сатып жіберген. Азамат Е. автокөлікті қолданған жылдар үшін 25 000 мың теңге салық төлеген. Ал қазіргі таңда автокөліктің иесі жауапкер И.

Жоғарыдағының негізінде талапкер автокөлікті бас сенімхат арқылы сатып жібергендіктен оны міндетті салық төлемінен талапкер Ю.-ды босатуды сұрап, жауапкер И-дан мемлекеттің пайдасына 260 000 теңге қарыз салығын төлеуді міндеттеуді сұрады.

Жауапкер И. талап арызды мойындаған жоқ және есінде жоқ, қандай сенімхат қашан берілген, себебі 10 жылдан астам уақыт өткен. Сонымен қатар аталған бас сенімхат арқылы ол да басқа адамға аталған автокөлікті сатып жіберген.

 Сот азаматтық істі қарай отырып, тараптардың түсініктемелерін тыңдап, сотқа ұсынылған дәлелдемелерге баға беріп, талапкердің талап арызын қанағаттандырусыз қалдырды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі