Сотпен медиативтік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 188-бабы 1-бөлігімен айыптау бойынша Н-ға қатысты қылмыстық іс қарастырылды.

2017 жылдың 22 қаңтарда Н., Алматы қаласы Ақжар ықшам ауданының Жабаев көшесінде орналасқан №57 үйдің жанында тұрып, пайдакүнемдiк ниетпен Х-ға тиесілі 150 000 теңге тұратын ұялы телефонды ұрлауға әрекет жасауға тырысты. Бірақ ерік тәуелсіз мән-жайларға байланысты өзінің қылмыстық ойын іске асыра алмады.

Сотқа кәсіби медиатормен сотталушы Н. мен жәбірленуші Х-нің арасындағы медиативтік келісім бекітілді.

Сот ҚР ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігін басшылыққа алып, Н-ді жәбірленушімен медиативтік тәртібінде татуласқанына байланысты ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 188-бабы 1-бөлігімен айыптау бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатуды қаулы етті.

Қайнар: 
Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының баспасөз қызметі