Сотпен медиациялық келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында бұзақылық жасаған деген айыппен сотқа берілген сотталушы Т. қатысты қылмыстық ісі қаралды.

2016 жылдың қараша айында,сағат 06.50 шамасында, сотталушы Т. өзінің таныстарымен Алматы қаласы Төле би көшесінде орналасқан үйдің ауласында тұрып, кіреберістің сыртқы есігін теуіп, жұлқыған. Осы кезде кіребеірстен шыққан жәбірленуші Е.  Т.-ға ескертпе жасаған. Ескертпені бұзақылық жасау мақсатында сылтау еткен Т. жәбірленуші Е-ге  бірнеше соққы беріп, алған соққыдан жәбірленуші Е. жерге құлаған.

Жәбірленуші Е. сотталушымен медиация тәртібімен татуласқандарын көрсетіп, қылмыстық істі қысқартуға қарсы емес екенін айтты.

Сотта сотталушы Т. тағылған айыпты толық мойындап, жәбірленушімен медияция келісім жасасып, өз еріктерімен татуласқандарын айтып, қылмыстық істі қысқартуды сұраған.

Сот медиациялық келісімді бекітіп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігімен сотқа берілген сотталушы Т.-ға қатысты қылмыстық ісін Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-бөлігіне сай жәбірленушімен татуласуына байланысты қысқартты.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі