Сотпен медиация рәсімі өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен  талапкер «LM» ЖШС-нің жауапкер «V» ЖШС-нен 1 200 000 теңге көлемінде негізгі қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталғаны, талапкер жауапкерден қарыз сомасын өндіру туралы талабымен сотқа жүгінген.

Сотпен, ҚР АІЖК-нің 179-бабының тәртібімен медиация процедурасы өткізіліп, тараптар арасында медиация тәртібімен дауды реттеу келісіміне келді, осыған сәйкес жауапкер талапкерге 1 200 000 теңге көлемінде талап арыз сомасын төлеуге міндеттенді.

Келісім сот ұйғарымымен бекітілді. Іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты