Сотпен кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының  Әуезов аудандық сотында  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне алып келуі) айыпталушы Калыбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

2016 жылы  2 наурызда жүргізуші Қ. 07:00 шамасында Алматы қаласы Алтынсарин көшесі бойымен  оңтүстік бағытта келе жатып, Абай даңғылын кесіп өтіп, Қазақстан Республикасынын жол қозғалысы Ережелерінің  10.1, 13,1 тармағынын талаптарын бұзып, зейінін арттыра отырмай, сақтық шараларын қолданбай, қозғалыс үшін қауіптің болмауына көз жеткізбей, Алтынсарин көшесінен оңтүстік бағытта қарай маневр жасап, қозғалысты қамтамасыз ете отырып, көлік құралының қозғалысына тұрақты түрде бақылау мүмкіндігін қарастырмай, қозғалысқа қауіп туындаған кезде, жылдамдықты төмендетуге қажетті шараларды қабылдамай және қозғалысты жалғастыра отырып, абайсыздан Абай даңғылының жүру бөлігінін солтүстік бағыттына қарай кесіп өтіп жаяу жүріп бара жатқан  Н. жүргіншіні қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Алматы қаласы 7 ҚКА жатқызылып, реанимацияда көз жұмды.

Басты сот талқылауы барысында сотталушы Қ. кінәсін толық  мойындады.

Сот үкімімен, сотталушы Қалыбаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған осы баппен 2  жылға  бас бостандығынан айыру жазасы және 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының Әуезов аудандық соты