Сотпен кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзып абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеті үшін Е.М. - ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, 2016 жылдың желтоқсан айында сағат 07.55 шамасында жүргізуші Е.М. автобусты басқарып, Халиуллин көшесімен батыс бағытта 40 шақырым/сағатына жылдамдығымен қозғалып, Кабылов көшесінен өтіп ҚР жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзып, көлік құралын тоқтатуға шара қолданбай, жаяу жүргіншіге жол бермей, жүргіншіге арналған реттелмейтін айырықпен өтіп бара жатқан жаяу жүргінші қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жаяу жүргінші алынған дене жарақатының салдарынан оқиға болған жерде қаза тапқан.

Сот отырысы барысында Е.М. өз кінәсін толық мойындады.  

Сот үкімі бойынша: Е.М. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  345 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 1 жылға көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыра отырып 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 63 бабының негізінде тағайындалған жаза шартты деп есептелген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі