Сотпен қарызға алынған ақша өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық сотымен жауапкер М-нен талапкер Д-ның пайдасына қарызды өндіру, пайда табудан айырылғандықты, тұрақсыздық төлемін өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында талапкер өз талап арызын қолдай отырып, келесідей мән жағдайға негіздейтінін айтып көрсетті. 17 қаңтар 2015 жылы талапкер мен жауапкер арасында қарызға ақша алу туралы келісім шарт жасалған. Келісім шарттың талаптары бойынша жауапкер талапкерден 2 500 000 теңге ақшаны 17 ақпан 2017 жылға дейін қарызға алған.

Келісім шарттың 2 бөлігінде қарызды төлеу кестесі түзілген, ол жерде жауапкер қарызын кезеңмен бөліп төлеу қарастырылған, ол жерде жауапкер ай сайын 100 000 теңге ақшаны төлеу керек деп көрсетілген. Талапкер қазіргі таңға дейін аталған келісім шартта көрсетілген қарызды төлеу мерзімдерін бұзып 555 000 ақша төлеген.

Сот азаматтық істі қарай отырып, тараптардың түсініктемелерін тыңдап, сотқа ұсынылған дәлелдемелерге баға беріп, ішінара талапты қанағаттандырды. Жауапкер М-нан талапкер Д-ның пайдасына басты қарыз 1 895 000 теңге, тұрақсыздық төлемі 7 946 теңгені, өкілге жұмсалғын шығын 126 000 теңгені өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі