Сотпен авторлық құқық қорғалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында «Ш» талапкердің жауапкер «Muzlife» ЖШС-не авторлық құқықты қорғау, моральды залалды өндіріп алу туралы азаматтық ісқаралуда.

Талапкер «Ш» жауапкер «Muzlife» ЖШС-не авторлық құқықты қорғау, моральды залалды өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Азаматтық іс материалдарына сәйкес, 2017 жылдың 15 наурызынан бастап «Muzlife» телеарнасында «Рука помощи» атты бағдарлама заңсыз жүргізіліп, талапкерге тиесілі шығармалар жинағын заңсыз қолдануда. Талапкер соттан «Muzlife»  арнасында  «Рука помощи» бағдарламасының жүргізілуін тоқтатуды және 1 000 000 теңге мөлшерінде моральдық залалды өндіруді сұрады.

Сот ұйғарымымен «Muzlife» арнасында  ЖШС «Рука помощи» атты бағдарламаның жүргізілуі  тоқтатылды. Талапкердің басқа талаптары әлі қарастырылуда.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының Бостандық аудандық соты