«Сотқа құрметтемеушілік білдіру» тақырыбында дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында аудандық сотында  аудандық судья, аға сот  приставы, мамандар және ІІД Әуезов аудандық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары  Р.Мусаевтың  қатысуымен: «Сотқа құрметтемеушілік білдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы Қ.Сырлыбаев «Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек  Конституция мен заңға ғана бағынатынын, судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiнен ұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейтінін, сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру және сот актiлерi мен судьяның талаптарын орындамау заңмен  белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғатынын» айтып өтті.

Сондай-ақ , сот төрағасы Қ.Сырлыбаев, шарада сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде  көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққатартылатыны туралы баяндады.Сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анық айғақталанатың болса  судьяның немесе сот қызметкерінің сот төраға атына өтініші бойынша әкімшілік өндіріс   қозғалады. Осылайша, анық куәландыратын  сотқа немесе судьяға сот ғимаратында жасалған құрметтемеушілік үшін сот отырыс барысында, сондай-ақ сот отырысынан тыс әкімшілік жаза қолдану мен әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Іс-шара соңында  қатысуышар аталған  тақырып бойынша өзара пікір алмасты. Үйлесімді жұмыс және заң бұзушылықты болдырмау үшін қатысушылар мұндай іс-шараларды әзірлеуге ықпал ететінін атап өтті.

Источник: 
Алматы қаласының Әуезов аудандық соты