Сотқа келушілердің сот ғимаратына кіру тәртібін қамтамасыз ету ережелері сотта талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында «Сотқа келушілердің сот ғимаратына кіру тәртібін қамтамасыз ету ережелері» туралы дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға аудандық соттың судьялары, Алматы қаласы МҚҚБ-ның ерекше тапсырмалары бойынша инспекторы полиция подполковнигі, батальон командирінің орынбасары полиция капитаны, взвод командирі аға лейтенант  қатысты.

Дөңгелек үстелдің шеңберінде төраға Е.Төлеев сотта техникалық бақылауды күшейту қажеттілігін, Алматы қаласы МҚҚБ-ның жеке бөлімімен қосымша нұсқама өткізу керектігін атап айтты.

Барлық сұрақтарға толық жауап берілді.

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі