Сот жеткізіп берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танудан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Алматы Қала Жарық» МКМ-нің жауапкер «КЭ» ЖШС-гін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және тұрақсыздық сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталғаны, талапкер мен жауапкер арасында 10 тамыз 2015 жылдан мемлекеттік сатып алу келісімі жасалған. Келісімнің мәні «Алматы қаласы Бостандық ауданының көшелерін сыртқы жарықтандыру жаңа желілері құрылысы бойынша құрылыс-монтаждық жұмыстарын жүргізу» болып табылады. Келісімге сәйкес жұмыстар тараптармен келісімге қол қойылған күннен 4 ай ішінде орындалуы қажет.

Орындалған жұмыс актісіне сәйкес жауапкер жұмысты уақытылы орындаған. Орындалған жұмыс актісіне сәйкес жұмыстар елеусіз мерзімі өткізіліп орындалған. Сонымен қатар анықталған мерзімде объектіні пайдалануға қабылдау мемлекеттік қабылдау комиссиясымен жасалмаған. Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне 08 ақпан 2016 жылы ғана қол қойылған. Бірақ анықталған бойынша жауапкер көшелерді жарықтандыруының жоғарғы бөлігінде қосылу көзі болмағандықтан объектіні пайдалану үшін өткізе алмаған, сонымен бірге талапкермен жұмыс жобасына жобалық-сметалық құжаттама сәулет және қала құрылысы органдарымен келісілмеген, ол талапкер кінәсі болып табылады. Жауапкер берілген фактілер бойынша жазбаша хат түрінде талапкерге хабарлаған және берілген сұрақты шешуді сұраған.

Талапкер өкілі бұл фактіні даулаған жоқ.

Осыдан бөлек, талапкердің жұмыс сапасына наразылығы жоқ.  Көрсетілген жайт куәландірады, бюджет ақшасы оңтайлы және тиімді шығындалған, мерзімі өткізілгеннен талапкер үшін жағымсыз салдар болмаған.

Талапкер өкілі талапкердің орындалған жұмыс сапасына наразылығы жоқ екендігін және талапкер үшін қандай да бір жағымсыз салдардың болмағанын дәлелдеді.

Соттың шешімімен талапкердің жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талабы қанағаттандырудан бас тартылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі