Сот жер теліміне қатысты меншік құқығын жою туралы талап арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Алатау аудандық сотында талапкер М.Р.-ның А.Б.-ға, К.П.-ға жер теліміне қатысты меншік құқығын жою туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

ҚР Азаматтық процестік кодексінің 72- бабында көзделген талапқа сәйкес «әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге, қорғаныс құралдарын пайдалануға, фактілерді растауға, оларға дау айтуға, процесті адал жүргізуге сәйкес келетін және іс жүргізуге жәрдемдесуге бағытталған дәлелдемелер және дәлелдемелерге қарсы қарсылықтарды судья белгілеген мерзімде келтіруге тиіс».

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 67, 69- баптарына сәйкес жауапкерлер су құбыры орналасқан жер иесінен жеке немесе қауымдық сервитут сұрауға құқы бар.

Талап қоюшының талап қою арызы ішінара қанағатандыруға жататындықтан, ҚР АПК-нің 109 бабына сәйкес, сот талапкердің шығыстарын талап қою талаптарының сот қанағаттандырған мөлшерінде пропорционалды түрде алып беруге жатады.

Жоғарыдағыларды негізге ала отырып, сот талапкердің талап арызы жартылай қанағаттандырылуға жатады деп шешті.

Сот шешімі заңды күшіне енбеді.

Источник: 
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының баспасөз қызметі