Сот ұрлық туралы қылмыстық іс бойынша медиативтік келісім бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында сотталушы М. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі, 188 бабы 2 бөлгінің 2,3 тармақтарымен айыптау бойынша (ұрлық, бөтеннің мүлкін қоймаға заңсыз кіру арқылы бірнеше рет жасырын түрде жымқыру) қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2016 жылдың қараша мен желтоқсан айларының аралығында сотталушы М. «Кcell» АҚ-ның қоймасына бірнеше рет заңсыз кіру арқылы компанияға тиесілі NORTH STAR, 12V/100AH маркалы аккумуляторы мен кабельдарды жасырын түрде ұрлау кезінде ұсталған. Нәтижесінде, сотталушы М. «Кcell» АҚ-на 355 045 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Басты сот талқылауында сотталушы М. тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындады. Сонымен қатар, сот мәжілісінде сотқа тараптардың медиация нәтижесінде өздері қол жеткізген жазбаша келісімі, яғни дауды реттеу туралы келісім келіп түсті.

Соттың қаулысымен М. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі, 188 бабы 2 бөлгінің 2,3 тармақтарымен айыптау туралы қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68 бабының 1-бөлігінің негізінде, яғни сотталушының жәбірленушімен медиациялық тәртіпте татуласуына және сотталушының келтірілген зиянды өтеуіне байланысты,, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатумен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі