Сот үлескерлердің құқықтарын қорғап, «Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының» талап арызын қанағаттандырудан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы  қаласының  мамандандырылған  ауданаралық  экономикалық  сотында  талапкер «Мемлекеттік  сәулет-құрылыс  бақылау  басқармасы» КММ  жауапкер «С» АҚ-на, үшінші  жақ  «Жер  қатынастар басқармасы» КММ-не және  «Сәулет  және  қала  құрылысы  басқармасы» КММ-не   «С» АҚ-ның  қаражаты  есебінен  Алматы  қаласы, Медеу  ауданы,  Самал-2 ықшам ауданы мекен – жайы бойынша орналасқан «Құрылыс-5» көпқабатты  паркинг  аяқталмаған объектіні бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі  қаралды.

«Мемлекеттік сәулет-құрылыс  бақылау басқармасы» КММ  2007  жылы жауапкерге уақытша  қолдануға берілген  көпқабатты   паркинг  құрылысына берілгендігін көрсете  отырып, жоғарыда аталған талап  арызбен  сотқа жүгінді.

Бірақ,  бүгінгі  күнге  дейін жауапкер   көпқабатты паркингтің құрылысын  аяқтамады.

Сот  материалдардан анықтағандай, аяқталмаған  объектіні  бұзуы «А» тұтынушы  кооперативінің  67 мүшелерінің  құқықтарын  бұзуы  мүмкін. Өйткені, «С» АҚ-ның тарапынан кооператив мүшелерінің алдында бұрын бұзылған көлікжайлардың орнына көлік қоятын орындарды беру бойынша мінддемелердің орындалмауына алып келуі мүмкін.

Сот  шешімі  заңды  күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты