Жаңалықтар

2014 жылдың наурыз айының 31 жұлдызында Алматы қаласы Алатау аудандық сотының ғимаратында

01/04/2014

2014 жылдың наурыз айының 31 жұлдызында Алматы қаласы Алатау аудандық сотының ғимаратында, ашық сот отырысында И. қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сот И-ді Қазақстан Республикасының ҚК-нің 311 бабының 2 бөлігімен, яғни (Пара алу) қылмыс бойынша кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айыруға, сонымен бірге 3 жылға белгілі бір лауазымдарды атқаруға құқығынан  айыруға, мүлкін тәркілеу жөнінде жаза тағайындалды. Жазаны өтеу үшін түзеу колониясының жалпы режимі белгіленді.  

Алматы қаласы

Сыбайлас жемқорлықа қарсы

01/04/2014

02 сәуірде 2014 жылы Алмалы аудандық сотында Сыбайлас жемқорлықа қарсы дөнгелек үстел өтеді. 

Тақырыбы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты және құқық қорғау органдарының тергеу жүргізу кезіңде жіберген кемшіліктерін талқылау"

 

М.К.Такабаевқа қатысты өкім көшірмесі жарияланды

01/04/2014

М.К.Такабаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша 25.02.2014 жылы үкім жарияланды. М.К.Такабаев ҚР-ның ҚК-нің 311 бабы 1 бөлігімен сотталды. Яғни, мүлкі тәркіленіп 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

судья Л.М.Бектемирова

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономика соты

01/04/2014

2014 жылдың Наурыз айында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономика сотында жер даулары бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен және Сот сараптама орталығының қызметкерлерінің қатысуымен Дөнгелек үстелдер өткізілді.

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2014 жылдың 1 сәуірінде сағат 14:30-да А.О. Масимовқа қатысты қылмыстық іс қаралады.

01/04/2014

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотында 2014 жылдың 1 сәуірінде сағат 14:30-да Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 178- бабы 2- бөлігінің «А,В» тармақтарымен, 175- бабы 1- бөлігінің А.О. Масимовқа қатысты қылмыстық іс қаралады.

В Алматинском городском суде состоялась встреча Председателя Высшего Судебного Совета РК Бекназарова Б.А.

25/03/2014

19 марта 2014 года в Алматинском городском  суде состоялась встреча Председателя Высшего Судебного Совета Республики Казахстан Бекназарова Б.А. совместно с председателем городского суда Ештая А.Ж., и.о председателя коллегии по кадровому резерву Стикуловой Г. с кандидатами в судьи для участия на занятие вакантных должностей судей Республики Казахстан.

Ұлыстың Ұлы күні – 22-наурыз

20/03/2014

Бүгін, 20 наурыз күні, Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Жайлауханұлы, сот саласында қызмет атқарып жүрген  әріптестерін 22-наурыз мейрамымен құттықтап, «Ұлыстың ұлы күні 22-наурыз босағамызды аттағалы тұр. Бұл бір-бірімізге деген ренішті ұмытып, табысатын кез. Жарқын өмірдің бастамасы болып саналатын осы көктем мерекесі барлығыңыздың отбасыңызға мол қуаныш пен бақыт алып келсін. Жұмыстарыңыз жемісті болсын» деген тілегін білдірді.

Соттың өндірісіне Антипова Оксана Алексеевна, Тихоненко Игорь Алексеевич, Шестернев Александр Сергеевичке қатысты қылмыстық іс 13 наурыз 2014 жылы түсті

20/03/2014

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты

Соттың өндірісіне Антипова Оксана Алексеевна, Тихоненко Игорь Алексеевич, Шестернев Александр Сергеевичке қатысты қылмыстық іс 13 наурыз 2014 жылы түсті.

Антипова Оксана Алексеевна ҚР ҚК-нің 176 бабы 3 бөлігі «Б» тармағымен, Тихоненко Игорь Алексеевич, Шестернев Александр Сергеевич ҚР ҚК-нің 176 бабы 4 бөлігі «Б» тармағымен сотқа берілді.

Іс бойынша алдын ала тындау 23.03.2014 жылы сағат 10-00-ге тағайындалды. 

Беттер