Ұлыстың Ұлы күні – 22-наурыз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін, 20 наурыз күні, Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Жайлауханұлы, сот саласында қызмет атқарып жүрген  әріптестерін 22-наурыз мейрамымен құттықтап, «Ұлыстың ұлы күні 22-наурыз босағамызды аттағалы тұр. Бұл бір-бірімізге деген ренішті ұмытып, табысатын кез. Жарқын өмірдің бастамасы болып саналатын осы көктем мерекесі барлығыңыздың отбасыңызға мол қуаныш пен бақыт алып келсін. Жұмыстарыңыз жемісті болсын» деген тілегін білдірді.

Сондай-ақ, осы мерекеге сүйене отырып, Ақжан Жайлауханұлы  өз қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады. Ерен еңбегі үшін Алматы қалысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ертарғын  Рахымұлын «ІІ-дәрежелі Сот жүйесінің үздігі» төс белгісімен, Алматы қалалық сотының судьялары Клара Малдыбайқызы мен Ирина Николаевна сынды судьялары  алғыс хаттармен марапатталды.

Алматы қалалық сотының Баспасөз қызметі