Сот үкімімен ҚР шегінен тысқары жерге шығарып жіберілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 393-бабы бойынша  (шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау) У-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша,  2017 жылғы 17-ақпанда сағат 12:00 шамасында Аль-Фараби пен Навои көшелерінің қиылысында Алматы қаласы  Бостандық ауданының ІІБ Көші-қон басқармасының арнайы көші-қон тобы Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында шетелдік азамат Тәжікстан Республикасының азаматы  У. ұсталынып, оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты мекен-жайы жоқ екендігі анықталды.

2017 жылғы қаңтарда Алматы қаласы бойынша Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ҚР ӘҚБК-нің 517-бабы 6-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылықты жасағандығы үшін Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары шығару туралы әкімшілік жазаға тартылған.

Сотталушы У. кінәсін мойындап, шын көңілден өкінетінін білдірді.

Соттың үкімімен У.  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 393-бабымен кінәлі деп танылып, оны Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге 5 жыл мерзімге шығарып жібере отырып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 56 725  теңге сомасында айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі