Сот талап арызды қанағаттандырудан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған  ауданаралық экономикалық сотында  талапкер  «KT»  жауапкер   «Алматы  қаласының  спорт  құрылыстары  дирекциясы» мемлекеттік  фондынан  қарыз  сомасын  өндіру және орындалған  жұмыс  актісін  жарамды  деп  тану туралы  азаматтық істі  қарады.

Мемлкеттік сатып алу шартында көрсетілмеген жұмысқа жауапкер  орындалған  жұмыстар  үшін төлем жүргізбеді. Оған электрондық  хат  алмасу дәлел. Қосымша  жасалынған   жұмыс   актісіне қол  қойылмаған.

Талапкер  мен  жауапкер  арасындағы  қарым  қатынастары  2016 жылғы   30  желтоқсан  айында  мемлекеттік сатып  алу  туралы  шарты бойынша  пайда  болғандығы  сотпен  анықталды. Мемлекеттік  сатып алу  туралы шарттың  талаптары   толық  көлемде орындалды, жұмыс нәтижесі  тапсырыс  берушімен   қабылданды, 6 596 800 теңге  көлемінде  төлем    төленді. Төленген  төлем  2017 жылғы  10  ақпан  айындағы  № 6 орындалған  жұмыс  актісімен дәлелденеді.  Тараптардың  бір біріне  наразылығы  жоқ.

Мемлекеттік  сатып  алу   туралы  заңының  45  бабы  3  бөлімінде  көрсетілгендей, тауар  жеткізуші  басқа  да  жағдайлардың  өзгертілмеуі  сатып  алу  туралы  бекітілген  келісім  шартқа  негізі болып  табылады.

Тараптар  арасында   көрсетілген  сомаға келісім   шарттағы өзгертулер  мен  қосымшалар  туралы  келісім  бекітілмеген,  талапкермен    орындалған    жұмыс  көлемі   көтерілмеген.

Бірақ,     талапкер  өзінің  ойы  бойынша  2 752 909 теңгеге  жауапкер  алдында  өз  еркімен  жұмысты  орындады.

Сот  талап  арызды  қанағаттандырусыз  қалдырды.

Сот  шешімі  заңды  күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты