Сот шешімімен талапкердің талаптары қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық сотымен В.А.-нің АХАЖ бөліміне азаматтардың хал жағдайы жөніндегі актілік жазбаға украин ұлтынан поляк ұлтына өзгерту туралы талапкердің талап арызы боынша азаматтық іс қаралды. 

Талапкер жоғарыда аталған талап арызымен сотқа жүгінді, өзінің талап арызын келесідей дәлелдемелерге жүгінетінін мәлімдеді. Оның жеке куәлігінде оның ұлты украинец деп көрсетілген, алайда шын мәнінде ол поляк.

Оның әке шешесінің туу туралы куәлігінде оларды украинец деп қате көрсеткен деп түсіндірді. Мұрағат кітабының анықтама қағазынан В.А. деген отбасы бар екенін, және олардың ұлты поляк екенін аңғаруға болады. Сонымен талапкер В.А.-да және оның әкесі де тумысынан ұлты поляк. Оның пікірінше, АХАЖ қызметкерлері әкесіне туу туралы куәлік берген кезде қате мәлімет енгізген, соның салдарынан оның да ұлты қате мәлімет болған, соттан аталған қателікті түзетуін сұрады.  

Сот аталған азаматтық істі қарап талап қоюшының талаптарын қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі