Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ жауапкер С. жұмыссыз қалған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемін заңсыз алынған сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс құжаттарынан, Жауапкерге 24.01.2016 жылы 4 айға 46 144 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған, және ай сайын 1 153 теңге көлемінде міндетті зейнетақы төлемі қосылған. 24.02.2016 жылы жұмыссыздар тіркелу есебінен алынып тастауына қарамастан, жауапкер қордың қаражатынан әлеуметтік қамтамасыз ету төлемін алып отырған. Осылайша, жауапкердің 01 наурыз және 13 мамыр 2016 жылдар аралығында 27 910 теңге көлемінде әлеуметтік төлемін заң бұзу арқылы алған.

Сот  «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ талап арызын қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі