Сот шешімімен көлік жүргізу куәлігі тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алатау аудандық сотымен арызданушы Қазақстан Республикасы «Алматы қаласының Ішкі Істер Департаменті» ММ-нің М.-ға қатысты көлік жүргізу куәлігін тоқтату және алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап арыздың мәні жауапкердің «Параноялық шизафрения» диагнозы бойынша диспансерлік есепке алуда болуы және науқастың ауруы қауіпсіз көлік жүргізуіне кедергі келтіреді.

Сотпен М.-ға 2009 ж.  көлік жүргізу куәлігі берілгендігі анықталды. М. екінші топтағы мүгедек болып табылады, медициналық оңалту Д-есепке алуда, мүгедектік берілген мерзімі мезгілсіз, кәсіптік оңалту жұмысқа жарамсыз.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Источник: 
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының баспасөз қызметі