Сот шешімімен банктік қарызды өндіру туралы талабы қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Банк Хоум Кредит» АҚ және А.М.Жалгасбаевтан банктік қарызды өндіру туралы талап арыз қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 21 желтоқсан 2013 жылы «Банк Хоум Кредит» АҚ және А.М.Жалгасбаев арасында 36 ай мерзімге, 480 870 теңге соммасын беру туралы несие шарты жасалған.

Жауапкерде жалпы қарыз соммасы 653 185 теңге құраған, оның ішінде негізгі қарыз – 383 249 теңге, сыйақы – 203 772 теңге, айыппұл – 64 034 теңге.

Шартта қаралған, несиені қайтару тәртібін және уақыты бойынша жауапкер өзіне алған келісім міндеттемелерін орындамаған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс-жүргізі кодексінің 146 бабының 5 бөлігі, 6 бөлігіне сәйкес, соттың қойылған мерзімі өткеннен кейін, тараптарды шақырмай-ақ істі қысқаша өндіріс ретінде қарады.

ҚР АК 272, 273 бабтарының талаптарына сәйкес,  мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс. Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға және оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейдi.

ҚР АК 298 бабына сәйкес, мiндеттеменi бұзғаны үшiн борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн айып өндiрiп алынады.

ҚР АК 297 бабының күшіне орай, сот А.М.Жалгасбаевқа талапкермен есептелген сыйақы 64 034 теңгеден 6403 теңгеге азайту қажет деп табады.

Сот, «Банк Хоум Кредит» АҚ талабын жартылай қанағаттандыруды шешті.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі