Сот пәтерді қолдану тәртібін анықтау барысында жалға алушыны отбасы мүшесі деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында талапкер М.-ның арызы бойынша жалға алушының отбасы мүшесі деп тану және мүлікті пайдалану тәртібі туралы азаматтық ісі қаралды.

М. өзін және ұлын отбасы мүшесі деп тану сонымен бірге мүлікті пайдалану тәртібі туралы талап арызымен сотқа жүгініп, процессуалдық заң талаптарын негізге ала отырып, даулы пәтерде 1996 жылдан пәтердің басқа да тұрғындарымен қатар бері жалға алушы ретінде тұрып келе жатқанын және өзінің фактілік тұрғыда пәтердің басқа тұрғындарымен келісілген пәтерді пайдалануы бойынша 15,0 кв.м. тұрғын алаңымен және 8 кв.м. тұрғын емес үй алаңын пайдаланып келе жатқанын көрсеткен.

Сот шешімімен талапкер М. мен оның ұлы пәтер жалдаушының отбасы мүшелері деп танылды.

Шешім заңды күшіне енді

Источник: 
Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты