Сот өз бетінше салынған тұрғын үй ғимаратына жеке меншік құқығын таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Алатау аудандық сотында талап қоюшы Б.-тың  Алматы қаласының әкімдігіне берген өз бетінше салынған үйге жеке меншік құқығын тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, талап қоюшы өзіне тиесілі жер телімінде, үәкілетті органдардың рұқсатынсыз тұрғын үй салып алып, ол жерде 5 жыл бойы тұрып келген. 

Сотта ұсынылған және зерделенген  құжаттардан, салынған үй талап қоюшының өзіне тиесілі жер телімінде салынғаны, сол жерде үй салуға жарамды екендігі, үйдің өзі тиісті талаптарға сәйкес екендігі жайлы, адамдардың өміріне ешбір қауіп келтірмейтіндігі   маманның қорытындысын көрінеді.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды. Б.-ның Алматы қаласы Новая көшесі № 14 үйге жеке меншік құқығы танылды.

Шешім заңды күшіне енбеген. 

 

Источник: 
Алматы қаласы Алатау аудандық соты