Сот мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Алатау аудандық сотымен талап қоюшылар Т.Ш., Ж.Ш., Г.Ш-ның жауапкер Алматы қаласы Алатау аудандық әкімдігіне мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру, мұраны қабылдады деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарынан талапкерлер мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру, мұраны қабылдады деп тану туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

ҚР АК-нің 1039 бабына сәйкес, мұраны өсиет және заң бойынша жүзеге асырылады.

ҚР АК-нің 1061 бабына сәйкес, заң бойынша мұрағер болу құқығын бірінші кезекте мұра қалдырушының балалары, оның ішінде ол қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбай (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады. ҚР АК-нің 1072-3, ҚР АПК-нің 223-226 баптарын басшылыққа ала отырып, сот талапкерлердің талап арызын қанағаттандыруды орынды деп санады.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының баспасөз қызметі