Сот мұрагерлікті қабылдау фактісін анықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында арызданушы К.М.Е.-ның К.А.Е.-ге мұрагерлікті қабылдау туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Арызда, К.М.Е. өзінің әкесі жағынан әжесінің 21.01.2010ж. қайтыс болғаннан кейін ашылған 1/12 бөліктегі пәтерге мұрагерліктің ашылғанын, іс жүзінде мұраны қабылдағанын, алайда заңда белгіленген алты ай мерзім ішінде мұрагерлік мүлікті заңды рәсімдей алмағанын көрсеткен.

Сотта, талапкер мұрагерлікті қабылдау фактісі мұрагерліктен туындайтын құқықтық қарым-қатынасты тудыратынын, оған заңды тұрғыда қажет болып тұрғанын көрсетті.

Сот отырысында талапкер К.М.Е. соттан, талап арызын толық қанағаттандыруды сұрады. Жауапкер К.А.Е. қарсы ойын білдірмеді.

Сот, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 223-226 баптарын негізге ала отырып, талапкердің арызын қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты