Сот мүлікті тыйымнан босату туралы арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық  сотында «ЦБ» АҚ-ның  «Алматы жылу орталығы» ЖШС-нен, «Алмалтылифт»ЖШС-нен, Б.-дан, «Алматыгазконтракт» ЖШС-нен, Алматы қаласы бойынша сот актілерін орындау Департаментінен, жеке сот орындаушы К.-ден мүлікті тыйымнан босату туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа арызбен жүгіну себебін келесідей негіздеді: Алматы қаласы №2 Алмалы аудандық сотының 25.08.2014 жылғы сот шешімі бойынша жауапкер С. талапкер «ЦБ» АҚ-ның пайдасына мемлекеттік бажды қос алғанда қарыз сомасы 30 725 099 теңге өндірілді. Қарызды өндіру туралы жеке сот орындаушы К. мен «ЦБ» АҚ арасында атқару өндірісі барысында 13.10.2016 жылы сатып алу – сату шарты жасалды.

«ЦБ» АҚ-ы 06.10.2016 жылғы электрондық аукционның қорытынды хаттамасына сай, сонымен қатар 13.10.2016 жылғы тыйым салынған пәтерді  сатып алу – сату шартына сай, яғни жалпы көлемі 70,80кв.м. пәтер, 47,20кв.м. жалпы аумағы, Алматы қаласы, Ауэзов ауданы, Ақсай-3Б ы/а, 32 үй, 71 пәтер түріндегі жылжымайтын мүлік сатып алынды.

Сөйтіп, жоғарыда көрсетілген пәтер «ЦБ» АҚ-на  тиесілі, алайда,осы аталған мүлік тыйым салудан босатылмаған, сондықтан заңдастыру мүмкін болмай отыр.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық соты