Сот медиативтік келісімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер «А»  жауапкер «П» қатысты қарыз сомасын өтеу туралы азаматтық іс қаралды.

Сотқа талапкер «А» жауапкер  «П»-дан  қарыз сомасын өтеу туралы талап арызбен жүгінген.

Азаматтық істі қарау барысында, тараптардан істі медиация тәртібімен  келесі шарттарда реттеу туралы өтініш түсті, соттан азаматтық істі тоқтату туралы өтініш білдірілді.

 Тараптар арасында дауды медиация тәртібімен  реттеу туралы  келісім келесі шарттарда  жасалды: жауапкер талапкерге 4 250 000 теңге  сомасындағы  қарызды,  айдың соңына дейін,  көрсетілген банктік есепшотқа ауыстыру арқылы өтелуі қажет, және де қорғаушының  170 000 тенге көлеміндегі ақысы төленуі керек.

Төлем ақысы уақытында берілмеген жағдайда, жауапкер «П»  қосымша 170 000 теңге өтемақы төлеуге тиісті.

Азаматтық іс бойынша талапкер жауапкерге шағымы жоқ екенін білдіре отыра, талап арызындағы талаптардан толықтай бас тартуын білдірді.

Сот ұйғарымымен тараптар арасында  өзара жасасқан медиативтік келісімді, жоғарыдағы  шарттарда бекітті.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметі