Сот мас күйінде көлікті жүргізгені үшін айыппұл салды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарған деген айыппен сотқа берілген Т.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

2017 жылдың ақпан айында сотталушы Т., Алматы облысының Қапшағай қалалық сотының қаулысымен көлік басқару құқығынан үш жылға айырылған бола тұра, алкогольдік ішімдіктен мас күйіндекөлік құралын басқарған. Таңғы сағат 4-тер шамасында Алматы қаласы Төле бижәне Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында Алматы қаласы ІІД ЖПП-ң қызметкерлерімен ұсталған.

Сотта сотталушы Т. кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінген.

Сот үкімімен сотталушы Т., Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) кінәлі деп табылды. Оған 35 АЕК шамасында айыппұл жазасы тағайындалды.

Сот сотталған Т.-ны  көлік жүргізу құқығынан 3 жылға айырды.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі