Сот қызғаншақ күйеуді жазалады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотындаөрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi тәсілмен жасалған,ірі залал келтіріп, бөтеннің мүлкiн қасақана жойған немесе бүлдiргендеген айыппен сотқа берілген сотталушы Д.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

    Соттың анықтауы бойынша, сотталушы Д. 2016 жылы 24 желтоқсан сағат 01:00 шамасында Алматы қаласы Абылай хан және Мәметова көшелерінің қиылсында бола тұра, жұбайы Ш.-ның көлігін көріп, артынан аңдыған. Үйдің ауласына келіп, жұбайының көлігінен өзіне бұрын таныс екі ер азаматтың түскенін көріп, қызғаныштан, АЖС-нан бес литрлік шөлмекке бензин сатып алып, жұбайының автокөлігінің артқы жағынан құйып, өртеп жіберген. Өзінің қылмыстық әрекетімен, жәбірленушініге 2 300 000  теңге материалдық шығын келтірген.

Сотта сотталушы Д. кінәсін толық мойындады.

Сотта жәбірленуші Ш. сотталушының өзіне келген материалдық шығынды толығымен қайтарғанын, сотталушыға қояр талабының жоқтығын айтып, оған бас бостандығын айырмайтын жаза тағайындауды сұраған.

Сот үкімімен Д. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігі 1,5-тармақтарымен  кінәлі деп танылды. Сот «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын қолданып,  оған түпкілікті 3 жыл бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі