Сот қылмыстық істі қысқартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында ұрлықжасаған деген айыппен сотқа берілген сотталушы С. қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, сотталушы С. 2016 жылдың 14желтоқсанында сағат 05.00  шамасында, Алматы қаласы Бөгенбай батыр және Шагабутдинов көшелерінің қиылысында орналасқан «Бастау» бильярд орталығында жәбірленуші К. тиесілі 12 000 теңге ақша қаражатын жымқырып, соңғыға жоғарыда көрсетілген сомаға материалдық шығын келтірген. Өзінің бұндай іс әрекеттерімен сотталушы С, бөтен біреудің мүлкін ұрлаған.

Жәбірленуші К. сотталушыға қоятын талап-тілегі жоқ екенін, онымен медиация тәртібімен татуласқандарын көрсетіп, қылмыстық істі қысқартуға қарсы емес екенін айтты.

Сот медиациялық келісімді бекітіп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен сотқа берілген сотталушы С.-қа қатысты қылмыстық ісін Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-бөлігіне сай жәбірленушімен татуласуына байланысты қысқартты.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі