Сот күзет қызметін сәйкес жолмен көрсетпеу салдарынан келтірілген зиянды өндіру туралы талап арызын қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Алмалы ауданының  №2 аудандық сотымен талапкер Е.К жауапкерлер «ОА «ЧХ» ЖШС, үшінші тұлғаға, ПК  «Тау Самалы» күзет қызметін сәйкес жолмен көрсетпеу салдарынан  келтірілген зиянды өндіру туралыталап арызы бойынша.

Талапкер Е.К. сотқа  жауапкерлер «ОА «ЧХ» ЖШС, үшінші тұлғаға, ПК  «Тау Самалы» талап арызбен жүгінген, өзінің талаптарын келесімен дәлелдеді, яғни талапкер өзінің отбасымен бірге «Тау - Самал» ТК тұрады. Үйде талапкердің жеке мүлкін ұрлау болған.  Күзет  қызметтерін көрсету Шарты негізінде ТК аумағы «ОА ЧХ» ЖШС қызметкерлерімен күзетілген. Нысанды күзету шарты «Тау Самалы» бекітілген, талапкер оның мүшесі болып табылады.Аталған Шарт талаптары бойынша күзет агенттігі өзіне  күзетілетін нысанда бақылау-өткізу режимін жүзеге асыру, Тау Самалы» ТК жылжымалы және жылжымайтын мүлкін күзету және кеңес беру қызметтері бойынша міндеттіліктерді жүктеген. Үй  бақылау-өткізу торабының және  тұтынушы кооперативтің офисінің жанында орналасқан және бейнебақылау камераларымен қамтылады.  Соттан «ОА ЧХ» ЖШС –нен оның пайдасына 3 500 000 теңге  және 35 000 теңге сомасында мемлекеттік баж төлеу бойынша сот шығындарын өндіруді сұрайды.

Шарт талаптары бойынша, орындаушы «Тау Самал» тұрғын үй кешенінің аумағына бөгде адамдардың және көліктің кіруіне шектеуді қамтамасыз етуі тиіс.

Күзет қызметкерлерінің өздерінің қызметтік міндеттеріне деген жауапсыздық қатынасынан, атап айтқанда күзет агенттігі қызметкерлері тарапынан  заңсыз әрекетсіздік таныту, «Күзет агенттігі «ЧХ» ЖШС шарт бойынша өзінің міндеттіліктерін орындамауын сот талап арызды шығынды өндіру бөлігінде қанағаттандыру үшін негіздердің бірі болып табылады деп санайды.

Соттың шешімімен Е.К-ң.талап арызы қанағаттандырылды.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының қаулысымен азаматтық істер бойынша апелляциялық сот алқасының шешімі жойылған, іс Алматы қаласы сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот алқасына соттың басқа құрамында жаңа қарауға жіберілген. 

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі