Сот келісімді орындаудан негізсіз біржақты бас тартқан үшін айыппұл өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «Казахтелеком» АҚ-ның жауапкер «Т» ЖК-нен айыппұл санкцияларын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталғаны, ашық тендер тәсілімен сатып алу қорытындысының хаттамасы негізінде төмендетуге саудаласуды қолданып жауапкер сатып алу жеңімпазы болып танылды. Талапкер мен жауапкер арасында жеткізіп беру келісімі жасалды. Келісімге сәйкес жауапкер келісімнің №1 қосымшасына сәйкес талапкердің меншігіне тауарды жеткізіп беруге міндеттенген, ал талапкер тауарды қабылдап және келісімнің шартына сәйкес төлемін жасауға міндетті. Тауарды жеткізу келісімге қол қойылған күннен 45 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылуы қажет.

Бірақ жауапкер анықталған мерзімде тауарды жеткізбеген. Жауапкер хатпен тауарды жеткізуді орындау мүмкін емес екендігін хабарлаған, себебі, берілген құралды өндіруші ҚР-на жеткізуден бас тартқан, соған байланысты жауапкер тауарды жеткізуден бас тартқан. Жауапкердің өндірушінің тауарды ҚР-на жеткізуден бас тартуына байланысты тауарды жеткізу мүмкін болмағаны туралы дәлелі негізсіз, себебі, жауапкер сатып алуға қатысып және берілген келісімді жасап, берілген тауардың бар болуын қамтамасыз етуі қажет, жауапкер келісім бойынша талапкерге тауарды жеткізіп беруге міндеттенген.  Жауапкердің өндіруші тауарды ҚР-на жеткізуден бас тартуы форс-мажор жағдайына сілтеме жасауы негізсіз, себебі, келісімге сәйкес форс-мажорлы мән-жайлар болып тараптардың еркі мен ынтасынан туындағаннан бөлек, алдын ала білуге және құтылуға болмайтын, соғыс, азаматтық көтерілістер, эпидемиялар, блокадалар, эмбарго, жер сілкіністері, су тасқыны, өрт және басқада табиғи апаттар. Осылайша, өндірушінің тауарды жеткізуден бас тартуы форс-мажорлық мән-жай болып табылмайды.

Келісімге сәйкес келісімді орындаудан бір жақты бас тарту жағдайында кінәлі тарап екінші жаққа келісім сомасынан 10% көлемінде айыппұл төлейді. Келісімді орындаудан негізсіз бір жақты бас тартқан үшін талапкер жауапкерге 665 000 теңге көлемінде айыппұл сомасын есептеп берген. Келісімге сәйкес жауапкермен тауарды жеткізіп беру мерзімі бұзылған жағдайда, жауапкер талапкерге 0,5% көлемінде орындалмаған міндет сомасынан мерзімі өткізілген әр күн үшін, бірақ келісім сомасының 10%-нан артық емес өсімпұл сомасын төлейді. Мерзімі өткізілген 4 күн үшін талапкер жауапкерге 133 000 теңге өсімпұл сомасын есептеп берген. Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі