Сот ғимаратында медиация кабинеті жұмыс бастады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында РҚБ «Медиацияны дамыту орталыгының» кәсіби медиаторы А.Увалиеваның қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді.

Аталған іс-шарада   аудандық соттың төрағасы Ж.Бекжанов және кәсіби медиатор А.Увалиева бір қатар өзекті мәселелерді, атап айтқанда кейбір даулар мен наразылықтарды өзара бірлесіп медиация тәртібінде шешу мәселелері кеңінен талқылады.

Іс-шара соңында, А.Увалиева аудандық сот ғимаратынан кәсіби медиаторларға арнап арнайы медиация кабинеті бөлінгені үшін алғысын жеткізді.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты