Сот дауды медиация тәртібінде реттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен  талапкер «Э» ЖШС-нің жауапкер «Т» ЖШС-нен 970 000 теңге көлемінде негізгі қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталғаны, талапкер жауапкерден қарыз сомасын өндіру туралы талабымен сотқа жүгінген.

Сотпен, ҚР АІЖК-нің 179-бабының тәртібімен медиация процедурасы өткізіліп, тараптар арасында медиация тәртібімен дауды реттеу келісіміне келді, осыған сәйкес жауапкер талапкерге 970 000 теңге көлемінде талап арыз сомасын 2017 жылдың мамыр айының 25-не дейін төлеуге міндеттенді.

Келісім сот ұйғарымымен бекітілді. Іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты